Қор нарығында доллар бағамы өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

доллар
Фото: pexels

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге өсіп, 441,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 440,86 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 437,98 теңгеден сатып алынады, 444,98 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 498,96 теңге, сату - 508,98 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,05 теңге, сату - 5,25 теңге.

- юань: сатып алу - 65,67 теңге, сату - 70,34 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 441,36 теңгеден сатып алынады, 443,54 теңгеден сатылады. Еуро 499,54 – 503,83 теңге, ал 5,01 – 5,13 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 65,31 теңгеден сатып алынады, 67,83 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 30 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге өсіп, 440,86 теңге болды.