Биржада бірнеше күн арзандаған доллар бағамы қайта көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

29 июль куни Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Коллаж: Kazinform/Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге өсіп, 440,86 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 439,37 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 436,00 теңгеден сатып алынады, 443,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 497,00 теңге, сату — 507,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 4,95 теңге, сату — 5,15 теңге.
— юань: сатып алу — 65,71 теңге, сату — 70,36 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 437,86 теңгеден сатып алынады, 440,04 теңгеден сатылады. Еуро 498,49 — 502,92 теңге, ал 4,96 — 5,08 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 65,39 теңгеден сатып алынады, 68,01 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 29 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,83 теңгеге түсіп, 439,37 теңге болды.