Қор нарығында доллар сәл арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,55 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,57 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 562 — 570 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 558 теңгеден сатып алынып, 568 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,97 - 6,07 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,03 теңге. Еуро — 567,96.
Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.