Қор нарығында теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,07 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 515,03 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 583 — 588 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге.
Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,00 - 6,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 25 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 517,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,23 теңге. Еуро — 588,48.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.