Қор нарығында теңге нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. 

Қор нарығында теңге нығайды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,15 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,07 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро 595 — 600 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 592 теңгеден сатып алынып, 599,7 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 - 6,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 22 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,43 теңге. Еуро — 601,01.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар