Корея елінің хирургтары Астанада көмейдің дауыс функциясын қайта қалпына келтіру бойынша тегін оталар жасайды

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 21-23 қараша күндері Республикалық диагностикалық орталығы Шұғыл медициналық көмек республикалық ғылыми орталығының базасында «Көмей хирургиясындағы жаңа технологиялар» тақырыбы бойынша шеберлік-сабақ өткізуде.
None
None

Бұл туралы Ұлттық медициналық орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Шеберлік-сабақты өткізу үшін Сеул қаласынан Йесон дауыс орталығының ЛОР-хирургы, профессор Ким Хян Тэ шақырылды.

Дауысты жоғалту проблемасы - дауыс қатпарларының параличі, қартаюмен байланысты көмейдің өзгеруі, Паркинсон ауруы, қалқанша безге жасалған ота, қатерлі ісіктер сынды түрлі жағдайларға байланысты пайда болады. Дегенмен, көмейдің бөлу, дауыс және тыныс алу функцияларын қайта қалпына келтіруге және жақсартуға мұқтаж жандардың негізгі контингентін әншілер, әртістер, дикторлар, яғни дауыс желбезектеріне ұдайы күш түсетін мамандар зәру.

Тері арқылы ларингопластика инъекциясын әлемде алғашқы болып аталмыш Йесон дауыс орталығының мамандары жасады. «Йесон» сөзінің аудармасы - «тамаша дыбыс».

Ота жергілікті жансыздандыру арқылы, мойынның терісі мен жұмсақ тінтерін тілмей жасалады.

Шеберлік-сабақ шеңберінде көмейдің жарақаттарынан кейін даусын жоғалтқан, қалқанша безіне ота жасалған, дауысты қайта қалпына келтіру бойынша онкологиялық операциядан кейінгі науқастар таңдап алынды. Оларға оталар тегін жасалатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бір отаны жасау 3 500 АҚШ долларын құрайды.

Соңғы жаңалықтар