Корея Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру үдерісіне белсенді қатысқысы келеді ? Корея Президенті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Оңтүстік Корея Қазақстанның өнеркәсібін әртараптандыру үдерісіне белсенді қатысқысы келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әрине, Корея мен Қазақстан энергетика және минералдық ресурстар саласында ынтымақтастықты дамытуда. Дей тұрғанмен, Оңтүстік Корея Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру үдерісіне белсенді қатысқысы келеді», деді бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында. Ли Мён Бак Корея мен Қазақстан мемлекеттерінің басшылары бірнеше мәрте кездескенін, ол кездесулер елдердің бір-бірін жақсы түсінуге мүмкіндік бергенін атап көрсетті. Осы орайда ол бүгінгі келіссөздер екі елдің арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар
telegram