Корея Қазақстанмен мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударуда - Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ли Бён-хва

СТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Корея Республикасы Қазақстанмен мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударуда. Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ли Бён-хва мырза бұл туралы Корея Республикасының Ұлттық күнін тойлауға орай жұма күні елордалық «Рэдиссон» қонақүйінде өткен қабылдауда мәлім етті.
None
None

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет Сеулге сапар жасағалы бері Қазақстан мен Кореяның арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді», - деді Ли Бён-хва мырза өз сөзінде.

Ол сондай-ақ, Кореяның Қазақстанмен мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше күш-жігер салып отырғанын атап көрсетті. Дипломаттың айтуынша, биыл Астанада ашылған Корей мәдени орталығының арқасында екі елдің арасындағы мәдени алмасу артып отыр.

Соңғы жаңалықтар