«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пункті құрылуда - ҚР Үкіметінің қаулысы
АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пунктін құру туралы ҚР-ның қаулысы қабылданды.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 8 маусым, Астана, Үкімет Үйі, № 762
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пунктін құру туралы
2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімнің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пункті құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген бақылау-өткізу пунктінің құрылғаны туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының дипломатиялық өкілдігінің назарына жеткізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.