Қорғас-Тұрсынзаде халықаралық автошеруіне қатысушылар 3 мың шақырым жолды жүріп өтеді - Б. Кәрімов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қорғас-Тұрсынзаде халықаралық автошеруіне қатысушылар 3 мың шақырым жолды жүріп өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда «Халықаралық автокөлік жолдары, сапа, қауіпсіздік, инновация, білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына арналған баспасөз мәслихаты барысында Үкіметаралық жолшылар кеңесінің жетекшісі, техника ғылымдарының докторы Бури Кәрімов мәлімдед
None
None

«Халықаралық автошеру кеше Қазақстанның Қытаймен шекаралас жерінде орналасқан Алтынкөл стансасынан басталды. Автошерудің Қазақстаннан бастау алуы тегін емес. Өйткені, осы шара барысында Қазақстанның жол құрылысы саласындағы жетістіктері, бай тәжірибесі зерттеледі. Автошеруге Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан тарапынан тұрақты түрде бес автокөліктен қатысады. Дегенмен, кей жерлерде машиналардың саны 25-30-ға жетуі мүмкін. Өйткені жол-жөнекей біздің жергілікті әріптестеріміз және тек қана автошеру өтетін үш елдің ғана емес, басқа да шет елдердің сарапшылары қатысады. Яғни, барлығы 70-80 маман жол жүру барысында аатокөлік жолдарының сапасын, қауіпсіздік деңгейін және басқа да көрсеткіштерін зертханалық тұрғыда зерттейді. Сонымен қатар, жолаушы және жүк тасымалдау, кедендік рәсімдеу жүйесіндегі әкімшілік кедергілердің әсері де тексеріледі. Шеру соңында әр мемлекет үшін бөлек ұсыныстар мен қарарлар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға табыс етіледі», - деді Б. Кәрімов.

Айта кетелік, автошеруге қатысушылар Қорғас - Алматы - Бішкек - Қара-Балта - Тоқтағұл - Қаракөл - Жалал-Абад - Үзген - Ош - Баткен - Құжант - Истаравшан - Дұшанбі - Тұрсынзаде бағытында жүріп өтеді.

Осылайша, автошеру 10 маусым күні Тәжікстанның Тұрсынзаде қаласында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар