21:10, 01 Қазан 2025 | GMT +5
«Қорқыт ата» фестиваліне шақырту алып, бірден барамын деп шештім — Бурак Озчивит
АҚТАУ. KAZINFORM — Атақты түрік актері Маңғыстауда өтіп жатқан «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне арнайы қатысып жатыр.

Бурак Озчивит «Осман империясы», «Қара Севда», «Керемет Ғасыр» телехикаяларымен танымал.
— Бұл менің Ақтауға алғаш келуім. «Қорқыт ата» фестиваліне шақырту алып, бірден барамын деп шештім. Себебі, біз бауырлас халықпыз. Сый-құрметке рахмет. Маңғыстау халқының ыстық ықыласына бөленіп жатырмын, — дейді Бурак Озчивит.
Кинофестивальге түркі мемлекеттерінің өзге де танымал актерлері мен атақты режиссерлері қатысып жатыр.

Еліміз бойынша Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мен Мажарстаннан делегаттар келген.


Бұған дейін, Ақтауда алғаш рет TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтетінін жазған болатынбыз.