Коронавирус: 64 пациент жансақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – COVID-19 жұқтырған 64 адам жансақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылы. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус: 64 пациент жансақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылды

Бүгінгі күні елімізде 64 пациент қарқынды терапиядан палатаға ауыстырылып, олардың бір бөлігі жазылып үйлеріне қайтты. Сонымен қатар, 2 пациент Нұр-Сұлтанға уақытылы жеткізіліп, ЭКМО аппаратына қосылды. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Бұның барлығы, Эксперттік топ жұмысының нәтижесі.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасында коронавирусты инфекция (КВИ немесе COVID-19) жұқтырған пациенттерге диагностикалық, терапевтік және қарқынды көмек көрсету мақсатында Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен инфекцияны жұқтырған пациенттерге қарқынды терапия көрсететін эксперттік топ құрылған болатын.

Эксперттік топтың негізгі тапсырмасы – еліміздегі медициналық ұйымдарда ем алып жатқан COVID-19 бар ауыр және аса ауыр халдегі пациенттерге көрсетілетін емдік-диагностикалық көмек әдісін қадағалау мен оларға түзетулер енгізу.