Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 қазандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі «қызыл» аймақта тұр

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта - Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.