Коронавирус: Қазақстанның көпшілік өңірлері «қызыл», «сары» аймаққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның 9 өңірі «қызыл» ал 6 облысы «сары» аймақта тұр.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, кешегі мәлімет бойынша еліміздің 9 өңірі «қызыл», 3 өңірі «сары» аймақта тұрған еді.



Соңғы жаңалықтар