Коронавирус: Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Латвияда карантин талабын бұзушыларға 5000 евро төлеуге тура келеді. Бүгіннен бастап елде жарияланған локдаунға байланысты қатаң шектеулер енгізілді,

Коронавирус: Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, құқық бұзушы азаматтар әкімшілік тәртіппен 10-нан 2000 еуроға дейін, ал заңды тұлғаларға 140-тан 5000 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Карантин 15 қарашаға дейін жалғасады. Елдің барлық мемлекеттік органдары антиковидтік шектеулердің сақталуына жауапты деп жарияланды. Сондай-ақ елде сағат кешкі 8-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізілген.

Қазан айының соңынан бастап Албания тұрғындары COVID-19-дың күшейткіш вакцинасын ала алады. Бұл талап вакцинаны алты ай бұрын алғандарға қатысты. Албанияның иммундау жөніндегі комитетінің мүшесі, педиатр-дәрігер Аида Бушати үшінші доза негізінен халықтың осал топтары мен медициналық қауіп-қатер тобындағы адамдарға ұсынылады деп мәлімдеді. Вакцинация науқаны басталғаннан бері барлығы COVID-19-дан 1 842 661 инъекция жасалды. Сондай-ақ, педиатр 12 жастан асқан балаларға қатар жүретін аурулар болған кезде екпе алуды ұсынады.