Коронавирус: Науқастар саны ең аз және ең көп өңірлер

Мамырдың алғашқы 10 күнінде (1 мамыр сағат 00.00-ден 10 мамыр сағат 19.30-ға дейін) Қазақстанда коронавируске 1674 адам шалдықты. Жазылып шықты – 1035, қайтыс болды - 6 адам.
10 күндегі орташа өсім 4,5% құрады. Ең көп науқас Алматы қаласында тіркелді – 527. Нұр-Сұлтан қаласында – 421, Атырау облысында – 159, Батыс Қазақстан облысында – 98 және Маңғыстау облысында 72 науқас жаңадан анықталды.
Коронавирус жұқтырудың ең төмен көрсеткіші келесі өңірлерде болды: Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Ақмола облысында – 10, Қостанай облысында – 11, Павлодар облысында – 25, Қызылорда облысында – 28.
10 мамыр сағат 19.30-дағы соңғы мәлімет бойынша, елімізде КВИ барлығы 5076 адамнан анықталды. Оның ішінде 1901- і – жазылды, қайтыс болды 31 адам. 3144 адам емдерін жалғастыруда.
Өңірлер бойынша жазылып шыққандардың ең көп саны Алматы қаласында – 418 (21,9%). Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан қаласы – 395 (20,8%), Қызылорда облысы - 159 (8,4%), Шымкент қаласы - 127 (6,7%) және Батыс Қазақстан облысы 96 (5,1%) тұр.
Алматы қаласы емдерін жалғастырып жатқан науқастардың саны бойынша да алдыңғы орында – 1160. Сондай-ақ 671 науқас - Нұр-Сұлтан қаласында, 207 науқас – Атырау облысында, 148 науқас – Батыс Қазақстан облысында және 118 науқас Алматы облысында ем-дом қабылдауда.
Осы уақытта науқастар саны ең аз өңірлер: Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Ақмола облысында – 19, Қостанай облысында – 33, Шығыс Қазақстан облысында – 38 және Қызылорда облысында 70.