Коронавирус: Шығыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 20 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Шығыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді

Еске сала кетсек кеше, яғни 19 қаңтарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сол күнгі жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір (Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы), ал «сары» аймақта үш өңір (БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары) тұрғанын мәлім еткен еді . Бүгінгі матрица «сары» аймаққа Шығыс Қазақстанның кіргенін көрсетіп тұр.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.