Коронавирусқа байланысты ахуал: Қазақстан өңірлері 3 топқа бөлінді
«Бір апта ішінде тіркелген коронавирус жұқтыру жағдайларының 14 пайызы - сырттан келген. Вирус негізінен Ресей Федерациясынан келіп жатыр. Өзбекстан мен Қырғызстаннан да аздаған деректер бар», - деді ол.
Оның атап өтуінше, коронавирусқа қатысты еліміздің өңірлері 3 топқа бөлінген. Бірінші топқа апта ішіндегі вирус жұқтыру жағдайының өсімі 7 пайыздан асатын өңірлер кіреді. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан және Жамбыл облыстары бар.
«Екінші топқа COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай 7 пайыздан кем өңірлер кіреді. Олар: Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Бұл өңірлерде 7 күннің ішінде 553 жағдай тіркелді. Үшінші топ вирусқа шалдығу өсімі 5 пайыздан аспайтын - Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары кіреді», - деді комитет басшысы.