«Қошқар ата» қалдық қоймасының айналасына сексеуіл егіле бастады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Қошқар ата» қалдық қоймасының маңына жасыл қорғаныс аймағын жасау үшін 88,2 гектар жерге қара сексеуіл егіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қошқар атаны» рекультивациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

«2021 жылы 266,2 гектар жерге рекультивациялау жұмысы жүргізілген еді. Осы жылдың соңына дейін 335,9 гектар жерге қайта қалпына келтіру жұмыстарын іске асыру жоспарланған. Ал 2023-2024 жылдары 1008,1 гектар жерге рекультивациялау жұмыстары жүргізіледі», - деді Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев.

Қазіргі таңда «Қошқар ата» қалдық қоймасында 200 гектар жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Рекультивация жұмысының қайта басталғаны туралы ақпарат берген едік.

Айта кетейік, рекультивация аясында егіліп жатқан қара сексеуіл - Маңғыстаудың қатал климатына төтеп бере алатын, тез тамыр жайып өсетін, құмды ұстап тұратын қасиеті бар жергілікті флорада кездестін ағаш.

Осыған дейін Маңғыстаудағы 3 ауылды құм басудан сақтап қалу үшін сексеуіл егу жоспарланғанын жазғанбыз .

«Қошқар ата» қалдық қоймасының айналасында да сексеуілден жасыл қорғаныс аймағын құру жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар