Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Creative Aimaq: Қостанай креаторлары 4,5 млн теңгенің өнімін сатты

АСТАНА. KAZINFORM — Жәрмеңкеде Қостанай облысының тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық қолөнер бұйымдары, жергілікті авторлық брендтер және креативті индустрия өнімдері көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қостанай креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 4,5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Qazaq Creative Hub алаңында Креативті индустрияларды дамыту қоры жүзеге асырып жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Қостанай облысының креативті жәрмеңкесі аяқталды.

Іс-шара барысында «Алтын домбыра» сыйлығының иегері, айтыс ақыны Айбек Қалиевпен кездесу өтті. Айтыскердің жеке домбырасы, ұлттық музыкалық аспаптар және Қостанай өңірінен шыққан көрнекті тарихи тұлғаларға арналған экспозиция таныстырылды.

Қостанай креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 4,5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бағдарлама аясында қостанайлық дизайнерлердің этнотоптамалары көрсетіліп, Нью-Йорктегі MobFilm Festival халықаралық кинофестивалінің финалисі атанған «Қалам» мобильді фильмі таныстырылды. Келушілер өңір жастарының заманауи техникалық жобаларымен және Қазақстандағы алғашқы студенттік болидпен танысты. 

Қостанай креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 4,5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жәрмеңкеде еліміздегі алғашқы фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың бірі «Шертер» ансамблі өнер көрсетті. Ұжымның орындауындағы халық күйлері мен әндері ұлттық өнердің айрықша болмысын танытты. 

Қостанай креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 4,5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, іс-шараға 1320 адам қатысты. Жәрмеңке барысында креаторлардың авторлық өнімдері 4 миллион 414 мың теңгеге сатылды.

Бұған дейін Астанадағы «BaiQymyz» байқауының жеңімпаздары белгілі болды.