Қостанай Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері Иван Дычконы қарсы алуда

ҚОСТАНАЙ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласы ХХХ Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, боксшы Иван Дычконы салтанатты түрде қарсы алуда.

Қостанай Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері Иван Дычконы қарсы алуда

Спортшы мінген ұшақ қостанайлық әуежайға таңғы сағат 10-да келді. Ұшақтың басқышының қасында Иван Дычконы ресми тұлғалар, ата-анасы Ольга Владимировна мен Федор Иванович қарсы алды. Жанкүйерлер Иванды әуежайдың қасындағы алаңда күтті. Олардың көбі танымал боксшыдан қолтаңба алып, онымен фотосуретке түсті.

Байкерлердің құрметті қарауылы және жол полициясының еруімен Иван Дычко Интернационалист-жауынгерлер көшесімен Достық үйіне жетті. Мұнда оның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Оның барысында И.Дычко олимпиадалық тұғырдағы одан да жоғары орынды алу үшін күшінің жеткілікті екенін мәлімдеді. Алайда соңғы қорытындыда алаңда оның жеке жаттықтырушысының болмауы мен төрешіліктің ерекшеліктері білінді.

Қазіргі уақытта Қостанай орталығындағы А.Байтұрсынов атындағы алаңда Иван Дычконы облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың қатысуымен салтанатты құттықтау рәсімі жалғасуда.