Қостанай облысында алимент бойынша 72 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысында прокурорлардың үйлестіруімен сот орындаушылары 963 млн теңге көлемінде алимент бойынша берешекті өндіріп алды.
Қарызды өндіріп алу мақсатында шектеу шараларынан басқа (борышкерлердің банк шоттары мен мүлкін тәркілеу, олармен мәмілелер жасауға және елден тыс жерлерге шығуға тыйым салу, т.б.) бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіледі, борышкерлердің тұрғылықты жері, олардың көліктері тоқтатылып тексерілді.
Тұрақты алимент төлегісі келетін 380-нен астам борышкерге жұмысқа орналасу көмек көрсетіліп, балаларды ай сайынғы төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттемелерін орындаудан бас тартқан борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Биыл барлығы 72 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылса, 306-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, алименттерді уақтылы төлеу – ата-ананың міндеті және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.
Айта кетелік СҚО-да қасақана алимент төлемеушілердің қарызы 338 млн теңгеден асты.