Қостанай облысында бес ауылдық кітапхана жабылды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Мекемелердің жабылуына ауыл тұрғындарының сыртқа көшуі себеп болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қостанай облысының мәдениет басқармасы өңірде 5 кітапхана жабылып, екеуі көшірілгенін мәлімдеді.
– Осылайша, аудан әкімдіктерінің қаулыларымен Гришенская ауылдық кітапханасы (Денисов ауданы), «Амангелді орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің Айтбай ауылдық кітапханасы (Айтбай ауылы) (Амангелді ауданы), Аққарға ауылындағы «Алаш» агрофирмасы» ЖШС жанындағы кітапхана, Шевченковка ауылындағы кітапхана бөлімі (Жітіқара ауданы) және Харьков ауылдық кітапханасы (Әулиекөл ауданы) жабылды, - деп хабарлады ведомстводан.
Қарабалық, Ұзынкөл аудандарында жабылған кітапханалар басқа елді мекендерге көшірілді.
2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, облыста 336 кітапхана жұмыс істеп тұр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылғанын хабарлаған едік.