Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа цифрлық көмек сервисі таныстырылды

ҚОСТАНАЙ.KAZINFORM – Қостанай облысында Aman ID жаңа цифрлық сервисі іске қосылды. Ол мүгедектігі бар адамдарға, қарт азаматтарға және шұғыл жағдайда жедел көмек қажет болуы мүмкін кез келген адамға арналған, деп хабарлайды Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

онлайн
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Сервис Қостанай облысының прокуратурасы, Қостанай қаласының әкімдігі және «Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС-нің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылады.

QR-кодты сканерлеу арқылы адамның денсаулық жағдайы туралы маңызды ақпаратты, қабылдайтын дәрі-дәрмектері жөніндегі мәліметті көруге және оның жақындарымен байланысуға болады. Бұл ретте пайдаланушы қандай ақпараттың қолжетімді болатынын өзі анықтайды.

QR-кодты телефонға, арнайы білезікке немесе жеке заттарға орналастыруға болады. Барлық дербес деректер сенімді қорғалған. Сервис мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға бағытталған «Мүмкіндік» акциясы аясында таныстырылды.

2026 жылдың басынан бері акцияға 1300-ден астам адам қатысты. Оның ішінде 51 адам жұмысқа орналасты, тағы 62 адам жұмыс берушілермен әңгімелесуге жолдама алды.

-Aman ID жаңа сервисінің іске қосылуы – өңір тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және заманауи цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған кезекті маңызды қадам,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, мүгедектігі бар азаматтар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады.