Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанай облысында жүргізуші куәлігінсіз ауыр жүк көлігін басқарған азамат ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысында полиция қызметкерлері Федоров бағытындағы автожолда патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады. 

Қостанай облысында жүргізуші куәлігінсіз ауыр жүк көлігін басқарған азамат ұсталды
Фото: Polisia.kz

Тексеру барысында тіркемесі бар жүк көлігін жүргізуші куәлігінсіз азаматтың басқарғаны белгілі болды.

Полицейлер құқық бұзушыны бірден көлік басқарудан шеттетіп, оған қатысты әкімшілік іс қозғады.

— Тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ азаматты рейске жіберген жұмыс беруші де анықталды. Осыған байланысты ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Полиция мұндай заң бұзушылықтардың жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертті. Тіркемесі бар жүк көлігін басқару үшін тиісті жүргізуші куәлігі мен кәсіби дайындықтың болуы міндетті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында ұрлықтан кейін бақылауға алынбаған аумақтарға камера қойылғанын хабарлағанбыз.