Қостанай облысының үш өңірінде төтенше жағдай жарияланды

ҚОСТАНАЙ.  KAZINFORM — Қостанай облысына қарасты үш елді мекен: Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгін төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы «Тоболинфо» ақпараттық агенттігі жазды.   

Төтенше жағдай
Фото: tobolinfo.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Амангелді ауылы су астында қалғанын жазған болатынбыз. Ал, кеше түнде Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары Қостанай облысындағы 140-қа жуық адамды эвакуациялағанын хабарлаған едік.  

 

 

Соңғы жаңалықтар