Қостанай облысында аудан әкімі 4 жылға сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарабалық аудандық соты бұрынғы аудан әкіміне қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қарабалық ауданының бұрынғы әкімі Қанат Ғабдулин ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2,3-тармақтары, 28-баптың 4 бөлігі, 367-баптың 2 бөлігі бойынша айыпталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Қарабалық ауданында Қостанай облысының тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қаржы бөлімдерінде жүргізілді. Осы уақыттарда Ғабдулин өз орынбасарына ТКШ бөлімі басшысы мен Қарабалық кенті әкімінен 300 мың теңге қаражат алуды тапсырады. Тиісінше, аудиторлық тексеру жүргізу кезінде құжаттарды дұрыс өткізіп беруге уәде еткен.

Сот үкімімен оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған қоса оның жеке мүліктері тәркіленеді. Экс-әкім сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар