Қостанай облысындағы өрттерде үш адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәуліктерде Қостанай облысындағы өрттерде үш адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы Тайсойған ауылында 2 пәтерлік жеке тұрғын үйде өрт шықты. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 5 адамы мен 2 бірлік техникасы тартылды. Жалын 129 шаршыметр аумақты шарпыды. Оқиға салдарынан әртүрлі дәрежеде күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілді.
Таран ауданының Тобыл кентінде тұрғын үй өртенді. Отты сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамнан құралған жеке құрамы мен 1 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 15 шаршыметр аумақты шарпыды. Оқиға салдарынан әртүрлі дәрежеде күйік шалған 58 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.