Қостанайда апат салдарынан бір аудан жарықсыз қалды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанайдың «Юбилейный» шағынауданында электр қуаты уақытша өшірілді. Төтенше жағдайлар қызметі электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

п
Фото: pexels

Қала әкімдігінің түсііндіруінше, «Юбилейный» шағынауданында таңғы сағат 8:40-тан бастап электр қуаты апатты жағдайда сөндірілген. № 35, 38, 40 және 41 көпқабатты тұрғын үйлер, сондай-ақ бірнеше мемлекеттік және коммерциялық нысан әлі де электр қуатынсыз қалып отыр.

Оқиға орнында апаттық бригадалар жұмыс істеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар электр қуатын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге уәде берді.

Қыркүйекте Қостанайда қар жауып, бірқатар аудан жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.

Бұған дейін елімізде 2025 жылдың қазанынан келер жылдың наурызына дейін электр энергиясы тапшылығы айына 330 млн кВт/сағатқа жетуі мүмкін екенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар