Қостанайда мұнай базасының аумағында жанармай тасушы көлік өртенді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында «Эталон Авто Қостанай» ЖШС мұнай базасының аумағында «КамАЗ» маркалы жанармай тасымалдаушы көлік өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қостанайда мұнай базасының аумағында жанармай тасушы көлік өртенді

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД жеке құрамының 16 адамы және өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы тартылды.

Өрт салдарынан жанармай көлігі мен жанармай құю құрылғысына зақым келді. Адам шығыны жоқ.