Қостанайда прокуратураның араласуынан кейін 4 млрд теңгелік агрожоба іске асады

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысы Денисов ауданының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау Комитетінің үйлестіруімен инвестордың жер учаскесін алу құқығын қорғады.

Алматы прокуратурасы «Orda» сайтының бас редакторына ескерту жасады
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ҚР Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, «Тохтар Агро» ЖШС күнбағыс тұқымын өңдеу және форпрессиялау жөніндегі өндірістік желіні, сондай-ақ өсімдік тектес жемшөп ұнын өндіру цехы бар элеваторды салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Инвестициялардың жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрайды, 50-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Жер учаскесін беру туралы мәселені қарау кезінде энергия беруші ұйым учаскенің аумағы бойынша жоғары вольтты электр беру желісінің өтуіне байланысты оны келісуден бас тартты.

Жағдайды зерделеу барысында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп электр беру желісін энергетикалық инфрақұрылым жұмысын бұзбай жер учаскесінен тыс жерге көшіруге болатынын анықтады.

-Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша инвесторға инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскесі берілді. Қостанай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге және олардың құқықтарының өзге де бұзылуына тап болған инвесторларды +7 (701) 855-87-06 телефоны немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Атырау прокуратурасының мемлекетке миллиондаған активтерді қайтарғаны туралы жаздық.