08:56, 29 Қазан 2023 | GMT +5
Костенко шахтасында қаза болғандар саны 35-ке жетті
29 қазан күнгі сағат 09:00-ге келіп түскен ақпарат бойынша Костенко шахтасында мерт болғандар саны 35-ке жетті, деп хабарлайды тілші.

Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының мәйіті жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.
“Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.
Газ жағдайын бақылау жалғасуда”, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.