Қожалықтың қоймасы отқа оранды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы «Пірма­ханов» жеке қожалығының қоймасында электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт оқиғасы орын алды.

Қожалықтың қоймасы отқа оранды - Қызылорда

Өрттен келген шығын 150 мың теңгені құрайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті анықтау бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет капитаны Асхат Оразбековтің хабарлағанындай, облыс бойынша апта көлемінде 9 өрт оқиғасы тіркелді. Маман­дардың анықтауынша, өрт электр желісінің қыс­қа­ша тұйықталуы, шылым шегудегі салақтық, балалардың отпен ойнауы, ашық отты пайда­ланудағы оралымсыздықтан туындаған.