ҚПЛ: «Ақтөбе» бесінші орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан ел біріншілігінің ХVІІІ турында «Ақтөбе» сырт алаңда Өскеменнің «Алтайынан» басым түсті.
Кездесу барысында бірінші кезеңде ақтөбелік клуб қатарынан екі гол соғып кетті. Алдымен Иван Ордец 20-минутта көзге түссе, одан кейін Даниэль Соса 30-минутта басымдықты арттырды.
Екінші кезеңде олардың қатарынан 55-минутта Темірлан Ерланов мергендік танытса, оған 73-минутта өскемендік клубтан Дмитрий Подстрелов бір голмен жауап қайырды.
Ал 81-минутта «Ақтөбе» сапынан Пабло Альварес көздеген нысанадан мүлт кетпесе, 92-минутта Никола Ямборо қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 4:2 еесбімен басым түсіп, турнир кестесінде 28 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.
18 шілдеде алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атыраудан» 3:1, өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпес» Талдықорғанның «Жетісуынан» 2:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ «Кызылжар» (Петропавл) - «Тобыл» (Қостанай), «Жеңіс» (Астана) - «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) -«Каспий» (Ақтау) 1:1 есебімен тең түсті.
Бұл турды 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Елімай» (Семей) ойыны түйіндейді.
Бұл турдағы «Ертіс» (Павлодар) - «Астана» кездесуі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Дидье Дешам Франция ұлттық футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.