ҚПЛ: «Ақтөбе» «Ертістің» осал тұсын тапты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Премьер-лигасында жетінші турының алғашқы ойын күнін «Ақтөбе» - «Ертіс» (Павлодар) командалары түйіндеді.

ы
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Кездесу барысында ақтөбелік клуб алғашқы минуттан жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Соған қарамастан бірінші кезеңде олар дегеніне жете алған жоқ. 

Екінші кезеңде 63-минутта ақтөбелік клубтан Дмитрий Топалов әріптесі Артур Шушеначевке әдемі пас шығарып берді. Оны Артур голға айналдырып, өз командасына жеңіс сыйлады. 

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 10 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ бүгін шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен жеңсе, «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қайсар» (Қызылорда) 1:1, «Алтай» (Өскемен) - «Жеңіс» (Астана) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

26 сәуірде 15:00-де «Жетісу» (Талдықорған) - «Ұлытау» (Жезқазған), 16:00-де «Тобыл» (Қостанай) - «Каспий» (Ақтау), 18:00-де «Қайрат» (Алматы) - «Елімай» (Семей),
20:00-де «Астана» - «Атырау» ойнайды.

Соңғы жаңалықтар