ҚПЛ: «Ордабасы» турнир кестесінде көш басына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Премьер-лигасының VII турында шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарынан» басым түсті.

ҚПЛ: «Ордабасы» турнир кестесінде көш басына шықты
Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Кездесу барысында шымкенттік клуб белсенді ойын көрсетті. Алғашқы минуттан қарсылас қақпасына жылдам гол соғуға тырысты. Ойынның 35-минутында «Қызылжар» сапынан Демият Сламбеков өз қақпасына гол соғып алды. Ал 53-минутта петропавлдық клубтан Этьен Бугре көзге түсіп, таразы басын теңестірді. 

Дегенмен 79-минутта «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов қайтадан өз командасын алға шығарды. Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 15 ұпаймен көш басына шықты.

Сондай-ақ бүгін «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебіне қанағат білдірді. Кездесу барысында қызылорда клубтан Никола Цуцкич 26-минутта есеп ашса, 89-минутта көкшетаулық клубтан Владислав Васильев таразы басын теңестіріп кетті.

Тағы бір кездесуде «Алтай» (Өскемен) - «Жеңіс» (Астана) 0:0 есебімен тең түсті.

Енді бүгін, 25 сәуірде 19:00-де «Ақтөбе» - «Ертіс» (Павлодар) жасыл алаңға шығады.
26 сәуірде 15:00-де «Жетісу» (Талдықорған) - «Ұлытау» (Жезқазған), 16:00-де «Тобыл» (Қостанай) - «Каспий» (Ақтау), 18:00-де «Қайрат» (Алматы) - «Елімай» (Семей),
20:00-де «Астана» - «Атырау» ойнайды. 

Бұған дейін бүгін Қазақстан Премьер-лигасының VI тур ойындары басталатынын хабарлағанбыз.