Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында алтыншы тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл турдағы ойындар 18 және 19 сәуір күндеріне белгіленген.

футбол
Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Бүгін, 18 сәуірде төрт кездесу өткізілсе, 19 сәуірде төрт ойын болады.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, VI тур ойындары:

18 сәуір

15:00. «Ертіс» - «Жетісу»

17:00. «Елімай» - «Астана»

18:00. «Қайрат» - «Каспий»

19:00. «Ордабасы» - «Оқжетпес».

19 сәуір

15:00. «Ұлытау» - «Тобыл»

16:00. «Атырау» - «Қызылжар»

17:00. «Жеңіс» - «Ақтөбе»

19:00. «Қайсар» - «Алтай».

Бесінші турдан кейін «Қайрат», «Елімай» мен «Оқжетпес» 11 ұпаймен көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 8 ұпайы бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Тараз» «Ақтөбе» жастарынан жеңіліп қалды.