ҚПЛ: «Елімай» командасы «Ұлытаудан» ірі есеппен басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші туры мәресіне жетті.

футбол
Фото: ҚФФ

Аталған турды семейлік «Елімай» мен жезқазғандық «Ұлытау» командалары түйіндеді.

Кездесу барысында семейлік клуб ойын тізгінін бірден қолға алуға тырысты. Дегенмен оған ұлытаулық команда тойтарыс берді. Десе де 44-минутта «Елімай» сапынан Фессу Плакка мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде олардың қатарынан Фейсала Мулич 74, Әділбек Жұмаханов 93-минутта басымдықты арттыра түсті. Осылайша семейлік клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Аталған жеңістен кейін «Елімай» 7 ұпаймен бесінші орынға көтерілсе, «Ұлытау» небәрі екі ұпаймен көш соңында қалып қойды.

Аталған турда 5 сәуірде «Астана» командасы «Ордабасыны» 2:1, «Тұран» «Қызылжарды» 3:2, «Тобыл» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, талдықорғандық «Жетісу» мен астаналық «Жеңіс» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Бүгін «Қайрат» командасы «Атырауды», «Ақтөбе» футбол клубы «Қайсарды» 4:1 есебімен тізе бүктірді.

 

Соңғы жаңалықтар