ҚПЛ: «Елімай» мен «Қайрат» тең нәтижеге қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының IX турын «Елімай» (Семей) мен «Қайрат» (Алматы) түйіндеді.

ҚПЛ: «Елімай» мен «Қайрат» тең нәтижеге қанағат білдірді
Фото: kazfootball.kz

Турнир кестесінде командалар қатарлас келеді. Бүгін жеңіске жеткен ұжым көш басына шығатын еді. Сондықтан қос қарсылас ойын басынан шабуылға шықты.

Алматылық клуб соңғы екі турда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Екі мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Ал «Елімай» соңғы бес ойынның төртеуінде үш ұпай олжаласа, біреуінде тең нәтижеге қанағат білдірді.

Бүгінгі кездесу барысында екі команда тартысты ойын өткізді. Кездесуде 55-минутта алматылық клубтан Жоао Паоло соқса, 96-минутта Юрий Перцух таразы басын теңестіріп кетті.

Командалар 1:1 есебімен тең түсті.

Еске салсақ, 18 мамырда «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 0:0 есебіне қанағат білдірсе, «Атырау» мен «Астананы», «Қайсар» «Жеңісті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал бүгін «Шахтер» «Тобылды» 1:0 есебімен жеңсе, «Жетісу» мен «Қызылжар» кездесуінде 0:0 есебі тіркелді.

Енді алдағы тур ойындары 1 және 2 маусым күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар