ҚПЛ: Елордалық кездесуде «Жеңіс» «Астанаға» қауқар көрсете ала ма
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІ туры басталады.

Бүгін, 23 тамызда сағат 18:00–де «Елімай» (Семей) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай) мен «Тұран» (Түркістан) шеберлік байқасады,
Ал 19:00–де «Жеңіс» (Астана) мен «Астана», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ 24 тамызда 17:00–де «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Ордабасы» (Шымкент), 20:00–де «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.
Аталған турдағы «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Қайрат» (Алматы) кездесуі 31 тамызға шегерілді. Бұл шешім алматылық клубтың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр.
Айта кетсек, қазір көш басында 43 ұпаймен «Астана» командасы келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 43, «Тобылдың» 41 ұпайы бар.
Сұрмергендер көшінде Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 10 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Назми Грипши («Астана») 9, Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 8 гол соғып үлгерді.
Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасының 19-турындағы «Астана» мен «Қайсар» кездесуі 28 тамызда өткізіледі.