Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚПЛ: «Ертіс» қатарынан екі рет жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХ турындағы «Ертіс» (Павлодар) - «Каспий» (Ақтау) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

«Ертіс» қатарынан екі рет жеңіске жетті
Фото: «Ертіс» футбол клубы

Өткен турда төрт айдан кейін жеңіске жеткен павлодарлық команда сол сәттілік сериясын жалғастыруға тырысты. Оған соңғы бес матчта төрт мәрте жеңіске жетіп, бір мәрте тең нәтижеге қанағат білдірген ақтаулық клуб мүмкіндік бермеуге күш салды.

Кездесу барысында ақтаулық командадан Ноа Ндомбази 12-минутта есеп ашса, одан кейін павлодарлық клубтан Жан Морел По 53, Юшт Шимамура 59-минутта екі гол соғып кетті.

Ал ақтаулық клубтан Павел Седько 65, павлодарлық командадан Жан Морел 104-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Ертіс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Бұл - олардың қатарынан екінші жеңісі.

Сондай-ақ бүгін «Қызылжар» (Петропавл) - «Ақтөбе», «Атырау» - «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасады.

Ал 2 тамызда «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Алтай» (Өскемен), «Ұлытау» (Жезқазған) - «Астана», «Жеңіс» (Астана) - «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.

Бұл турдағы алдын ала 5 тамырда өткізілген «Қайсар» (Қызылорда) – «Қайрат» (Алматы) кездесуінде оңтүстік астаналық команда сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын 51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды.