ҚПЛ: «Қайрат» Қызылордада «Қайсармен» тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші турында алматылық «Қайрат» сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» тең ойнады. 

футбол
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Алматылық клуб биыл біріншілікті сәтті бастаған еді. Алғашқы бес ойыннан кейін 13 ұпай жинап, бірінші орынға жайғасты. Бұдан бұрын қатарынан төрт мәрте жеңіске жеткен олар бұл жолы да үш ұпай олжалап қайтуға күш салды.

Десе де оларға қызылордалық ұжым лайықты ойын көрсетті. Кілең қазақстандық футболшылардан құралған «Қайсар» тәжірибелі қарсыласына төтеп бере білді.

Нәтижесінде кездесу 0:0 есебімен тең аяқталып, кішігірім сенсация тіркелді.

Сондай-ақ қазір «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» кездесіп жатыр. Бесінші турды «Жеңіс» (Астана) пен «Елімай» (Семей) командалары түйіндейді.

Ал 19 сәуірде жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» 0:1, «Атырау» петропавлдық «Қызылжарға» 1:2 есебімен есе жіберсе, қостанайлық «Тобыл» «Ақтөбені» 3:0, шымкенттік «Ордабасы» талдықорғандық «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар