ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Ұлытаудан» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІІ турында екі ойынның нәтижесі белгілі болды.
Алғашқы ойын күніндегі матчтың бірінде «Қайрат» (Алматы) — «Ұлытау» (Жезқазған) шеберлік байқасты.
Алматылық клуб өз алаңындағы бұл кездесуді Т. Сегізбаев атындағы академия стадионында қабылдайды. Қазірге дейін қатарынан алты мәрте жеңіске жеткен олар сол сәттілік сериясын жалғастырады. Бұдан бұрынғы матчтарда алған сары қағазына байланысты Лукас Энрике Да Силваны ойынға қоса алмайды.
Кездесу барысында алматылық клубтан Эдмилсон 32-минутта есеп ашса, одан кейін Ойва Юккола 53, Азамат Тұяқбаев 74-минутта басымдықты арттырды.
Оған 96-минутта «Ұлытау» сапынан Илья Черняк бір голмен жауап қайырды.
Тағы бір ойында астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 4:1 есебімен басым түсті.
Дәл қазір «Қайсар» (Қызылорда) — «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент) — «Алтай» (Өскемен) кездесуі өтіп жатыр.
Ертең, 16 тамызда тағы төрт ойын өткізіледі. Алдымен 17:00–де «Ертіс» (Павлодар) — «Тобыл» (Қостанай) кездессе, одан кейін 18:00–де «Каспий» (Ақтау) — «Елімай» (Семей), 19:00–де «Қызылжар» (Петропавл) — «Астана», 20:00–де «Атырау» (Петропавл) — «Оқжетпес» (Көкшетау) жасыл алаңға шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англияның көне клубтарының бірі — «Бернли» ойыншысы атанды.