ҚР аумағына КО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен ҚҚС-ны төлеуді қолдану қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылдың 16 сәуірінен №465
«Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасын қосылған күн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме (бұдан әрі - Міндеттеме) салық қызметі органына табыс етілген жағдайда жүзеге асырылады.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Бұл қаулыға қойылатын қосымшалар республикалық БАҚ-да жарияланды.