ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көрсететін 50 мемлекеттік қызмет түрін электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 3 жылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді регламенттеу, стандарттау және автоматтандыру бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі үлкен жұмыс атқарды. Соның нәтижесінде министрлік көрсететін 50 мемлекеттік қызмет түрі электрондық үкімет (www.egov.kz) порталы арқылы, 4-уін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болады. Сондай-ақ, құжаттың қосымша берілуін растайтын 5 қызмет бойынша электрондық реестр жүргізілуде.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді дамыту үрдісі қарапайым фермердің қызметті алуға өтінімді үйден шықпай-ақ беруге жағдайын жасауға бағытталған. Әрбір көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша нақты қызмет берушілер, көрсету мерзімдері және қажетті құжаттардың тізімі анықталған стандарттар мен регламенттер әзірленіп бекітілді.

Мысалы - ауыл тұрғынына дәстүрлі (қағаз) нысанда мемлекеттік қызметті алу үшін аудан, кей жағдайларда облыс орталығына барып, тиісті министрліктің аумақтық бөлімшесіне немесе әкімдікке жазбаша түрде жүгінуге, оған қоса мемлекеттік қызметтің нәтижесін күтуге уақыт жоғалту қажет. Ал енді фермер өтінімді қожалықтағы жұмыстан қол үзбей-ақ ала алады.

Десекте, мемлекеттік қызметтің көрсетілуін электрондық нысанға аудару дәстүрлі қағаз нысанда көрсетілудің қысқарылуын білдірмейді. Ескішке әдіспен сансыз кезекте күтіп үйренгендерге аталған балама әлі де қызмет етуде. Бұдан басқа бірқатар елді мекендерде ғаламтор байланысының жоқтығынан аталған нысан әлі де өзекті болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу - сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге өз ықпалын тигiзбек. Себебі қызмет алушымен лауазымды тұлғаның тікелей қатынасы төмендейді не болмаса мүлдем жойылады.

Сондай-ақ, министрлік жыл сайын мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімін қысқартуға ұмтылуда. Осылайша, 2012-2015 жылдары мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімі орта есеппен 33%-ға төмендеді. Қызмет алушыдан сұратылатын құжаттар саны қысқартылуда, тек 2015 жылы ғана құжаттар саны орта есеппен 20%-ға қысқартылды.

Мысалы, 2014 жылы «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тыңайтқыштарға субсидиялар алудың уақыты 30 жұмыс күнін қамтитын. Бүгінде аталмыш қызметтің көрсетілу мерзімі 6 күнге дейін қысқарды.

Соңғы жаңалықтар