ҚР Бас прокуратурасында халықаралық ақпарат банкін қалыптастыру мәселелері талқыланды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін ҚР Бас прокуратурасында ТМД қатысушы мемлекеттердің «Халықаралық ақпарат банкін қалыптастыруды ұйымдастыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар және ақпараттармен электронды түрде алмасу туралы» құқық қорғау органдарының орталық ақпараттық қызметі басшыларының кеңесі өтті.
None
None

Кеңес жұмысына Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина мемлекеттері құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Алқалы жиында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығының басшысы Павел Важев баяндама жасады.

Қатысушылар пәрменді механизмді және алмасу мәліметтерінің жеделдігін қамтамасыз ете алатын технологияларды пайдалана отырып, ТМД елдерінің осы заманғы ақпараттық құқықтық кеңістігін жасау болып табылатын Мемлекетаралық ақпараттық банкін одан әрі қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттігін мақұлдады.

Қонақтардың назарына қылмыспен күресті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің қазақстандық тәжірибесі, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқыққорғау органдары жұмысының нәтижелілігін көтеруге белсенді ықпал етуге бағытталған инновациялық жобаларының енгізілу нәтижесі ұсынылды. Прогрессивті технологиялар құқыққорғау органдарының қызметінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және ол бәрінен де бұрын, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Мәселен, қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздар мен хабарламаларды электронды тіркеу жүйесінің арқасында Қазақстан Республикасының прокурорлары мен қылмыстық қудалау органдары бүгінде нақты уақыт тәртібінде әр арыз бен хабарламаның қаралу барысын қадғалап отыру мүмкіндігіне ие болды.

Кеңесте сондай-ақ бұрынғы кеңес хаттамасының орындалуы нәтижесі мен ақпарат алмасуда электрондық форматқа көшу мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар