21:55, 20 Ақпан 2016 | GMT +5
ҚР БҒМ басшысы Алматы №1 балалар үйіндегі мәселені шешуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев вице-министр Есенғазы Иманғалиевке Алматы №1 балалар үйіндегі балаға қатысты мәселені шешуді тапсырды.

«Бала құқығы туралы Конвенцияның 19-бабына сәйкес біз болған жайға шынайы баға беру керекпіз және өз құзыретіміздің шеңберінде тиісті шараларды қолдануға тиіспіз», - деп атап өтті министр. Сондай-ақ Ерлан Сағадиев мәселені анықтау барысында ашықтықты қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдарды тартуды ұсынды, - делінген ҚР БҒМ-ның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.