17:38, 13 Қараша 2013 | GMT +5
ҚР БҒМ мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейін 80 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейін 80 пайызға дейін жеткізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Қазақстанда білім және ғылым саласын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары бойынша өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Сапаға айрықша мән береміз. Жоғары білімді тәрбиешілердің үлесін 30 пайызға дейін жеткізуді ұсынамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың санын 10 мыңға дейін арттырамыз», - деді министр. Осы орайда ол бұл бағыттағы жұмыстарда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке екпін жасалады. «Осы бағыттағы біздің барлық мақсаттарды бәсекеге қабілеттілікті арттыруға негіздейміз», - деп түйді А. Сәрінжіпов.