ҚР Білім және ғылым министрі Мәскеуде қазақстандық студенттермен кездесті

Шара Мәскеу қорытпа және құрыш институтының қабырғасында өтті. Министр атап өткендей, бүгінде қазақстандық ғалымдар әлемге танымал. Республика батыстың оқыту әдістемесінің таңдаулы үлгілерін қабылдауда, сонымен қатар білім беруде өзінің ұлттық ерекшеліктерін де естен шығармайды.
«Оқыту стандарттары мен оны ұйымдастыру бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындарына қойылатын барлық талаптарға сай болып отыр. Қазір біздің студенттерімізді кері қайтару үшін арнайы бағдарламалардың қажеті жоқ. Мемлекет сіздердің терең білім алып, алған білімдеріңді практикада жемісті жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды жасауда», - деді Б.Жұмағұлов.
«Бүгінде студент өзі білімге ұмтылуы, ал оқытушы осы білімді қалай алып, пайдалануды үйретуі тиіс», - деп атап өтті ол.
ҚР Білім және ғылым министрімен кездесуге Мәскеудің ондаған ірі жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық стденттер, сондай-ақ тиісті бағдарламалар бойынша Ресейде жүрген отандық ғылыми орта өкілдері қатысты. Б.Жұмағұлов бір сағат астам уақыт бойы кездесу үстінде берілген сұрақтарға жауап қайтарды.
Оқудағы үздік табыстары үшін қазақстандық студенттер алғысхаттарға және бағалы жүлде - заманауи нетбуктерге ие болды. Кездесу соң танымал қазақстандық орындаушылардың концертімен аяқталды.