ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ға қатысты алаяқтардан абай болуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігіне (ҚР БҒМ) әр түрлі аймақтардан түлектердің ата-аналарынан ҰБТ-да жоғары балл алу мақсатында ақша жинау жүргізілуде деген ақпарат келіп түсті.
None
None

«Жинастырылған қаражат ҚР БҒМ бақылаушыларына беріледі делінген. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрлігі аталмыш ақша жинау заңсыз іс-әрекет екенін және қылмыстық сот ісін жүргізетін мәселе болып келетіндігін ескертеді»,-делінген министрлік хабарламасында.

Осы тұрғыда пара алушылар да, сонымен қатар пара берушілерде қылмыстық схеманың қатысушылары қатарына кіреді. Заңсыз ақша жинау жөнінде ақпараттар нақтыланған жағдайда, онда мемлекет тарапынан бұндай заңсыздықтардың алдын алуға барлық іс-шаралар қолданылатын болады, тіптен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен қарастырылған жаза жүзеге асырылады.

Осыған байланысты ҚР БҒМ барша мүдделі тараптарға заңсыз қаражат жинаған жағдайды көрген бойда құқық қорғау органдары мен министрлікке хабарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар